Елбасы ұсынған кандидат елдегі саяси бағыттың сабақтастығы - Ерлан Сыдықов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат елдегі саяси бағыттың сабақтастығы. Мұндай пікірді БАҚ өкілдеріне Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінен кейін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз еліміздің даму тарихындағы ерекше сәтке куә болдық. Nur Otan партиясының, халықтың, биліктің партиясының кезектен тыс съезі тарихи шешім қабылдап, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы кезектен тыс президенттік сайлауға түсетін кандидатты ұсынды. Ол кездейсоқ адам емес. Қасым-Жомарт Кемелұлы 30 жыл бойы Тұңғыш Президентімізбен қатар, үзеңгілес жүрген, тәрбиесін көрген, Назарбаев саяси мектебінің шәкірті деп айтар едім», - деді деді ол.

Сонымен қатар Ерлан Сыдықов халықтың алдында үлкен беделге ие болып отырған билік партиясы, Елбасы ұсынған кандидат азаматтарымыздың жүрегінен жол табатындығына сенімді екендігін баса айтты.

«Елбасы ұсынған кандидат - елдегі саяси бағыттың сабақтастығы. Еліміздің алдына қойылған стратегиялық мақсаттардың барлығына жететін жолдың біреу екендігі анық және оған тез арада жететіндігімізге Қасым-Жомарт Кемелұлы кепіл болып саналады. Ең бастысы бізге халықтың, елдің тыныштығы керек», - деді университет басшысы.

Айта кетейік, бүгін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның кезектен тыс ХІХ съезі өтіп, онда 2019 жылдың 9 маусымға тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев бекіді.




Фото: www.enu.kz

Соңғы жаңалықтар