Елбасы Түркия, Беларусь, Тәжікстан Президентерімен телефон арқылы сөйлесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Беларусь Президенті Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке және Қазақстан тарихындағы жаңа міндеттерді сәтті іске асыруды тіледі.

Александр Лукашенко Ұлт көшбасшысының басшылығымен Қазақстан халқы өз дамуында толағай табысқа қол жеткізген мемлекет құрып, үлкен жолды жүріп өткендігін атап өтті. Сондай-ақ Беларусь Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Беларусь қатынастарымен бірге, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді қалыптастыру мен ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті.

Елбасы Беларусь көшбасшысына құттықтауы үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы көптарапты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы айтты. Телефон арқылы сөйлесуге Беларусь жағы бастамашы болды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Режеп Тайип Ердоған Елбасын мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық және көпжоспарлы мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі.

Түркия Президенті қазіргі Қазақстанның даму тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты екендігін айтып, оның екі ел арасындағы қатынастарды қалыптастырудағы елеулі рөлін атап өтті.

Елбасы Режеп Тайып Ердоғанға достық тілектері үшін алғысын білдірді және Қазақстан-Түркия стратегиялық серіктестігінің қазіргі деңгейіне жоғары баға берді. Телефон арқылы сөйлесуге түрік тарапы бастамашы болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Тәжікстан Президенті Елбасын 80 жасқа толуымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт және көпқырлы мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Эмомали Рахмон Қазақстанның Тұңғыш Президенті бауырлас Қазақстан халқының және жалпы өңірдің игілігі үшін өзінің жасампаз қызметін жалғастыратынына сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан көшбасшысына достық тілектері үшін алғысын білдіріп, әр түрлі салалардағы Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастығын одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан тарапы бастамашы болды.



Соңғы жаңалықтар