Елбасы Түрікменстан Президентіне көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Елбасы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әкесі Мяликгулы Бердімұхамедовтің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

«Жақын әрі сүйікті адамыңыздан айырылу – орны толмас қайғы. Сізге және жақындарыңызға сол ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.

Саналы ғұмырын Түрікменстан халқының игілігіне арнаған әкеңіздің жарқын бейнесі оны білетін адамдардың жүрегінде әрдайым сақталады деп сенемін», – делінген жеделхатта.


Соңғы жаңалықтар