Елбасы таңдаған сыртқы саясат елді дұрыс бағытқа алып шықты - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы көреген саясаткер ретінде елді дұрыс бағытта ілгерілетіп келді. Бұл туралы Мемлекет қайраткері, ҚР Тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұңғыш Президент таңдаған сыртқы саясат болмаса, онда Қазақстанға өзермелі әлемде өзінің орнын табу қиынға түсер еді. Бұл бағыттағы саясат әлемдік қоғамдастықпен тең құқылы, достық қарым-қатынасты құруға бағытталды», - деді Т. Сүлеймен «ҚР Тұңғыш Президенті: жасампаздық пен үдемелі дамудың 30 жылы» атты халықаралық дөңгелек үстел отырысында.

Осы орайда ол сол кезеңде дайын шешімдер болмағанын, ал әрбір қателік елді қиын жағдайға алып келуі мүмкін екенін атап өтті.

«Назарбаев көреген саяси қайраткер ретінде өзіне үлкен жауапкершілік алып, елді дұрыс бағытта алып өтті. Қазақстан өзінің орнын іздеп, өзінің қазақстандық даму жолын таңдады. Бұл даңғыл жол күрделі әрі қиын болғаны анық», - деді Т. Сүлейменов.

Айта кетейік, аталған халықаралық шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өтті. Онлайн режимдегі жиын барысында Мемлекет қайраткері, ҚР Тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов Тәуелсіз мемлекетті құру жолында Елбасы үлкен жауапкершілікті алғанын атап өтті.



Соңғы жаңалықтар