+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Елбасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

2021 жылғы 2 маусым 19:20
Бөлісіңіз:
Елбасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайтында мәлім етілгендей, Н.Назарбаев тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша ауқымды іс атқарылғанын атап өтті.

«Біз тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жемқорлыққа қарсы күрес саласында жұмыс істеп келеміз. Дегенмен әлі де атқарылатын шаруа аз емес. Бұл процеске қоғамды жұмылдырған жөн. Осы бағытта әлемдік тәжірибе жеткілікті, соны зерттеуді және қолданысқа енгізуді жалғастыру керек», – деді Елбасы.

Кездесуде М.Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жемқорлық қатерлерін талдау және алдын алу, сыбайлас жемқорлық саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту шаралары туралы айтты. Сондай-ақ агенттік қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру жоспарын баяндады. Агенттік төрағасының мәліметі бойынша, соңғы 5 жылда Қазақстанның Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі позициясы жақсарып, 122-ші орыннан 94-ші орынға ауысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT