Елбасы Словенияның бұрынғы Президентімен Еуразия құрлығындағы интеграцияны талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Словенияның бұрынғы Президенті, Мадрид клубының президенті Данило Тюркті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Елбасы Д.Тюркке «Астана клубы» алаңында өзекті тақырыптарды талқылауға атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Кездесуде тараптар Еуразия құрлығындағы интеграциялық процестерге қатысты пікір алысты. Бұл орайда 2010 жылы Қазақстан астанасында өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тарихи саммитінің маңыздылығы атап өтілді.


Соңғы жаңалықтар