+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Елбасы Швейцария Президенті Ули Маурермен кездесті

2019 жылғы 22 қараша 18:35
Бөлісіңіз:
Елбасы Швейцария Президенті Ули Маурермен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария Президенті Ули Маурермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Қазақстанның түрлі кезеңдерінде маңызды рөл атқарды Шет мемлекеттер басшылары қазақстандықтарға және Елбасына бақ-береке тіледі Жасотандықтар Елбасын құттықтау үшін онлайн челлендж ұйымдастырды

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Швейцария арасында экономиканың түрлі салаларында жақсы қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті.

– Қазақстанға қош келдіңіз. Сіздердің елдеріңізге бірнеше рет бардым. Швейцария – Қазақстанның ірі және маңызды сауда серіктестерінің бірі. Біздің елімізді әрқашан қолдап келесіздер. Осы ынтымақтастықты одан әрі жалғастырған жөн. Бізде швейцариялық бизнесті қызықтыратын жобалар көп, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде Ули Маурер Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанға жасап жатқан ресми сапарынан алған әсерімен бөлісті.

– Біздің елдеріміздің қарым-қатынасы өте жақсы. Бүгін таңертең мазмұнды әрі жемісті кездесулер өткіздім. Қазақстанмен бірлесе отырып дамытатын көптеген жобаларды талқыладық, - деді Швейцария Президенті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT