Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты.

Бұл туралы Елбасының Instagram парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елбасы ішкі партиялық іріктеуге қатысушылардың үгіт-насихат жұмыстарын және қоғамдық пікірталастарды мұқият бақылағанын атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті үгіт-насихат пен пікірталастар кезінде партия назарға алуға тиіс бірқатар конструктивті ұсыныстар айтылғанына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев барлық партия мүшелерін дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды»,-делінген хабарламада.




Соңғы жаңалықтар