Елбасы Нұр-Сұлтан қаласының 30 жылдан кейін қандай болатынын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Енді 30 жылда Нұр-Сұлтан әлемдегі ең ірі 600 қаланың біріне айналады. Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың болашағы туралы арманын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«20-30 жылдан кейін астана қандай болады деп отырсың ғой, келер ұрпақ куә, астана ары қарай өсіп-өркендей береді. Қаланың халқы 2 млн, 3 млн болып, үлкен қалалардың ішіне кіреді. Қазір урбанизация деген қарқынды жүріп жатыр. Дүниежүзінің 300 үлкен қаласында әлемнің 50 процент экономикасы шоғырланып отыр. Сарапшылардың айтуынша, болашақта 600 қалада бүкіл экономика шоғырланады. Себебі ондай үлкен қалаларда ғылым, мәдениет, өнер, мамандар болады», - деген Тұңғыш Президент аталған үздіктердің тізіміне Нұр-Сұлтан да кіреді деген сенім білдірді.

«Сол дүниежүзінің үлкен қалаларының біреуі осы Еуропа мен Азияның ортасындағы астанамыз болуы керек. Арманым – сол. Балаларымыз көреді мұны. Немерелеріміз, шөберелеріміз көреді, құдайға шүкір. Әр нәрсенің нағыз бағасын беретін – уақыт. Адамның да, істің де бағасын тарих береді», -деді Елбасы.



Соңғы жаңалықтар