Елбасы мақаласынан кейін елдің көңіліндегі күдік сейілері анық - түркістандық ұстаз

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықты сабырға шақыра отырып, Қазақстанның бұл қиындықтан да дін аман шығатынын атап өтті. Түркістан облысы Мақтаарал аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев ҚР Тұңғыш Президентінің «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында бейғамдықтан арылып, әркім өзі мен айналасына жауапкершілікпен қарауы керектігіне баса назар аударылғанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім бөлімі басшысының айтуынша, төтенше жағдай кезінде Елбасы мақаласы халыққа демеу болды.

«Жаһанды жайлаған жаман індеттің зардабы күллі адамзат баласына оңай тиіп отырған жоқ. Экономикасы дамыған алып мемлекеттердегі жағдай да тұрақсыз. Біздің елімізде болып жатқан оқиғалар да, адам шығыны да бұл вируспен күресті әлі де ширата түсуді, тоқтатпауды талап етіп отыр. Адамдардың өз қауіпсіздігі үшін үйде отыруы маңызды. Әрине, қауіп бар, бірақ, солай екен деп жағдайды ушықтырып, дүрбелең тудырудың қажеті жоқ. Бұл қиындықты бірлесе, ақылдаса отырып шешуге болатынын және сол жолда түрлі жұмыстар жүргізіліп отырғанын түсінеміз. «Рухы мықты, өзіне сенімді адамды қиындықтар шынықтырады. Сондықтан біз бойкүйездіктен, сарыуайымнан, енжарлықтан арылып, тығырықтан шығудың жолын іздеген бүкіл әлем халқымен бірге ширыға, шыңдала түсуіміз керек» дейді Н.Назарбаев. Шынында, ел басына төнген бұл қиындықты ауызбіршілікпен, жұмыла бірлескен кезде ғана жеңе аламыз»,- дейді Мұратбек Серікбаев.

Білім саласының маманы сондай-ақ, қазақ халқы бұдан да үлкен қиындықтарды бастан өткергенін айтады. Ал Елбасының халықты тәртіпке бағынып, індеттің алдын алдын алуға шақыруы жұртшылықты бірлікке үндейді деп отыр.

«Қазақтың басынан талай қиыншылық өткені тарихтан белгілі. Жан-жағынан анталаған жауына бірге қарсы тұрып, қалың жауға тойтарыс беріп, елін-жерін сақтап қалды. Бүгінгі ахуал да халықтың бірлікте, ынтымақтықта жұмыс істеуге үндейді. Мемлекеттің бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын көріп және сол жолда ел ағаларының жүрекжарды сөздерін оқығаннан кейін елдің көңіліндегі күдік сейілері анық. Біз біргеміз», - дейді Мұратбек Серікбаев.


Соңғы жаңалықтар