Елбасы мақаласы 30 жыл қалыптасқан дәстүрдің жалғасы - Бейбіт Мамраев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы 30 жыл қалыптасқан дәстүрдің жалғасы. Мұндай пікірді Мәжіліс депутаты Бейбіт Мамраев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, бұл мақаланы 30 жыл бойы қалыптасқан дәстүрдің жалғасы ретінде қабылдаймын. Себебі Елбасы кез келген қиын жағдайда әлемде орын алып отырған ахуалды қоса талдай отырып елімен сұхбаттасатын дәстүрі бар. Екіншіден, Елбасының мұндай дәстүрі барлық уақытта да елге үміт береді. Үшіншіден, мемлекет билігіндегі институттарда, Үкімет болсын, Парламент болсын, орталық органдар мен жергілікті билікте болсын мұндай қиындықты жүйелі жұмыспен ғана еңсеретін тетік қалыптасқан. Мұндай тетік болмағанда талай қиындыққа тап болар едік. Сондықтан Елбасының өз ойымен бөлісу арқылы жұртшылықты сабырлылыққа шақыруы өте түсінікті болып шықты», - деді Мәжіліс депутаты.

Оның атап өтуінше, Елбасы мақаласындағы ең басты түйін мемлекеттің негізгі мақсаты адамды және оның денсаулығын сақтау екендігіне баса назар аудару болды.

«Елбасының Ұлттық қорымызда 90 млрд доллар қаражатымыз бар деуі де ертеңге күнге сенімімізді күшейте түседі. Бұл қор үнемі толықтырылып отырады. Сондықтан мемлекет мойнына алған әлеуметтік саясатты жүзеге асыра береді. Яғни, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы, қазіргі уақытта мына әлемді жайлаған індетке байланысты мұқтаж азаматтарға берілетін 42 500 теңге мөлшерінде төлем уақтылы беріледі. Оған еш күмән болмауы тиіс», - деді Бейбіт Мамраев.


Соңғы жаңалықтар