Елбасы: Коронавирус мемлекеттік басқарудың олқы тұстары бар екенін көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус дағдарысы мемлекеттік басқарудың кейбір салаларында олқы тұстар бар екенін де көрсетті. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үндеуде Тұңғыш Президент мемлекеттік басқарудың кейбір салаларында жедел әрекет ету жағы жетіспей жатқандығын, мәселенің шешілуі бюрократиялық кедергілерге кеп тірелгендігі туралы айтты.

«Мемлекеттік органдар мен кейбір басшылар халықтың нақты проблемаларын жете сезінбейді деген сын айтылып жүргенін мен жақсы білемін. Бұл барлық деңгейдегі депутаттардың да жұмысына қатысты. Оны көбіне орынды сын деп есептеймін. Депутаттар халықтың ортасында болып, елдің мұң-мұқтажын жеткізуге тиіс. Депутаттардың міндеті – әрдайым ел мүддесін қорғау. Осыны ұмытпауымыз керек»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Соңғы жаңалықтар