Елбасы Хосни Мүбарактың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Мысыр Араб Республикасының бұрынғы Президенті Мұхаммед Хосни Мүбарактың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Мұхаммед Хосни Мүбарактың дүниеден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

«Мен Мұхаммед Хосни Мүбаракпен бірнеше мәрте кездестім. Ол Қазақстан мен Мысыр арасындағы қарым-қатынастың нығаюына және сенім мен достыққа негізделген ынтымақтастықтың дамуына тікелей септігін тигізді.

Осынау азалы сәтте Мысыр халқына және марқұмның отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.


Соңғы жаңалықтар