+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

Елбасы ЕҚЫҰ Саммиті жөнінде: Елордамыз әп-сәтте әлемнің саяси астанасына айналды

2021 жылғы 19 ақпан 16:56
Бөлісіңіз:
Елбасы ЕҚЫҰ Саммиті жөнінде: Елордамыз әп-сәтте әлемнің саяси астанасына айналды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен кезде сенім атмосферасын қалыптастыру үшін барлық күш-жігерін жұмсады. Бұл жайында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «ЕҚЫҰ-ның Астана саммиті 2010: Тарихи мәні мен өзектілігі» атты халықаралық онлайн конференция қатысушыларына арнаған құттықтауында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Түрікменстан Президентіне көңіл айтты Түркістан саммитінде мақұлданған бастамалар Ыстанбұлда рәсімделеді Назарбаев Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

«Біз сенім атмосферасын қалыптастыру, негізгі мәселелер бойынша консенсус алаңын нығайту, Ауғанстанды дамыту проблемаларын шешу, ЕҚЫҰ-ның жауапкершілігі аумағындағы дау-жанжалдарды реттеу, ұйымның елеулі практикалық әлеуетін арттыру және жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді жұмсағанымызға сендіргім келеді. Төрағалық кезеңінде Қазақстан ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Трансазиялық парламенттік форумын, Алматыда ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқысаяси ведомстволары басшыларының бейресми саммитін, ал 1-2 желтоқсанда Астанада ЕҚЫҰ самитін өткізді», - делінген Елбасының кеңесшісі – ҚР Тұңғыш Президенті кеңсесі Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Әділ Тұрсынов жария еткен құттықтау хатта.

ҚР Тұңғыш Президенті еліміз посткеңестік кеңістікте ЕҚЫҰ-ны басқару мәртебесіне ие болған алғашқы мемлекет екендігіне де назар аудартып өтті.

«Қазақстан төрағалығының қорытынды оқиғасы - біздің жас әрі әсем қаламызды әп-сәтте әлемнің саяси астанасына айналдырды. Саммиттің сол ұмытылмас екі күнінде біз 73 халықаралық делегацияның, оның ішінде 38 Мемлекет және Үкімет басшысын, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғарғы лауазымды шенеуніктерін, БҰҰ Бас хатшысын, басқа да көптеген халықаралық және өңірлік ұйымдар өкілдерін қонақ еттік. «Қауіпсіздіктің қоғамдастығына бетбұрыс» атты тарихи декларация да ұйымның барлық үш бағыты бойынша белгіленген міндеттемелер құпталды. Еуроатлантика және Еуразия кеңістіктеріндегі еркін және демократиялық қоғамдастық бірлігінің маңыздылығы баса атап өтілді. Айрықша мәні бар Астана рухының негізінде мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан ары дамыту ниеті жария етілді», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT