Елбасы бітімгершілік және антиядролық бастамаларды ілгерілетуге үлкен үлес қосты – Әмина Жарылғапова

None
None

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлемдегі орнын нығайтуға, бітімгершілік және антиядролық бастамаларды ілгерілетуге үлкен үлес қосты. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Әмина Жарылғапова осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыртқы саяси бастамаларға келетін болсақ, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлемдегі орнын нығайтуға және бітімгершілік және антиядролық бастамаларды ілгерілетуге үлкен үлес қосты. Сондай-ақ, Қазақстанды қарсыласушы тараптар арасындағы келіссөздердің беделді және тиімді алаңы ретінде көрсетті. Қазіргі Президент бұл мұраны сақтап, дамытуы қажет», - дейді Әмина Жарылғапова.

Сарапшының айтуынша, былтыр наурыз айында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы болып тағайындалған кезде Нұрсұлтан Назарбаев бастаған жолды жалғастыру жөнінде шешім қабылдаған.

«Тоқаев бұл жоспары туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде айтты. Өткен жылы үкімет осы бағытты ұстанды, сондықтан айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Бұл жерде әңгіме басшылардың жас шегін өзгерту туралы ғана емес, кадр құрамын өзгерту ниеті туралы болып тұр. Бірқатар саясаткерлер жастарға орын беріп, лауазымдарынан кететіні сөзсіз. Қазіргі жастар жұмыс істеу барысында жаңа әдістемеге жүгініп, цифрлық жүйені қолданады және ХХІ ғасырда үнемі болатын өзгерістерге дайын. Сондай-ақ, бұрынғы бағытты сақтап қалу - Қазақстанның жалпы дамуын айқықтайды. Бұл дегеніміз бірінші кезекте - тұрақтылықты сақтау және 50 дамыған мемлекеттер қатарына кіру үшін жоспарлы түрде әрекет ету деген сөз», - дейді сарапшы.

Ол Тәуелсіздіктің бастауында Елбасы тұрғанын айтты.

«Елбасының басшылығымен мемлекеттік институттар құрылып, Қазақстанның халықаралық имиджі қалыптасты. Соның арқасында Қазақстан жетістікке жеткен, серіктестеріне қатысты көпсалалы саясат ұстанатын мемлекет атанды», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар