+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Елбасы белгілі қайраткері Манура Ахметованың жақындарына көңіл айтты

2021 жылғы 5 маусым 13:58
Бөлісіңіз:
Елбасы белгілі қайраткері Манура Ахметованың жақындарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Манура Ахметованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Манура Ахметованың дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

«Манура Мерғалиқызы өзінің ерекше талабы мен мақсаткерлігі, қарымды қабілеті мен қажырлы еңбегі арқылы кезінде қазақ әйелдері арасынан министрлік лауазымға дейін көтерілген, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған қайраткер тұлға болатын.

Ол еліміздің өсіп-өркендеуіне, әсіресе әлеуметтік саланың, мәдениет пен өнердің, білім беру мен ағарту ісінің дамуына көп еңбек сіңірді», – делінген жеделхатта.

Елбасы Манура Ахметованың ғибратты ғұмыры ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге болып қала беретініне сенім білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT