+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Елбасы белгілі ғалым Иса Байтулиннің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты

2021 жылғы 24 мамыр 19:48
Бөлісіңіз:
Елбасы белгілі ғалым Иса Байтулиннің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Иса Байтулиннің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы кардиохирург Серік Бекбосыновтың жақын туыстарына көңіл айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілі ғалым, биология ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Иса Байтулиннің өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

«Иса Омарұлы саналы ғұмырын ғылым жолына арнап, отандық ботаника саласының дамуына сүбелі үлес қосты.

Сондай-ақ білікті ғылыми мамандар даярлау ісіне де зор еңбек сіңірді.

Ғалымның артында өзі қабырғасын қалауға атсалысқан іргелі мектеп, көптеген монографиялық еңбектері және ізін жалғайтын талантты шәкірттері қалды.

Иса Байтулиннің ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін» делінген жеделхатта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT