+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

2020 жылғы 17 тамыз 20:23
Бөлісіңіз:
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл» партиясы өз қызметін айтарлықтай өзгертті – Әли Бектаев «Ауыл» партиясы мен Агроөнеркәсіптік кешені қауымдастықтарының альянсы меморандумға қол қойды

Кездесу барысында Елбасы партияның ішкі іріктеуі – праймериздің сапалы өтуінің ерекше маңыздылығына тоқталды.

– Праймериздің сапалы өтуін қамтамасыз ету және халыққа оның мақсаттары туралы түсіндіру маңызды. Бұл Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысу үшін партияның белсенді, сауатты және патриот мүшелерін іріктеуге мүмкіндік береді, – деді «Nur Otan» партиясының Төрағасы.

Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партия мүшелері арасындағы іріктеуді ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстарының нәтижелері туралы айтып берді.

– Бүгін еліміздің барлық өңірінде праймериз басталды. Оған қатысу үшін жергілікті жерлерде 700-ден астам қоғам белсендісі партия қатарына қосылды, – деді «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Сонымен қатар Б.Байбек «Nur Otan» партиясының Төрағасына сайлауалды бағдарламаны дайындау және «Birgemiz» қорының әлеуметтік аз қамтылған азаматтар мен медициналық ұйымдардың қызметкерлерін қолдауға бағытталған жұмысы туралы баяндады. Сондай-ақ Елбасына су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Достық ауылының тұрғындарына арналған үйлерді салу бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы ақпарат берілді.

– «Nur Otan» партиясына келетін онлайн өтініштер саны бес есе артты. Осылайша, жеті ай ішінде 270 мың адам өтініш білдірді. Олардың 60 пайызы қаралып, шешімін тапты. Өзіңіз бастамашы болған «Birgemiz» қорының аясында 2,3 миллион қазақстандыққа қолдау көрсетілді. Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына арналған 20 үйдің құрылысы аяқталуға жақын, – деді «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT