Елбасы «Астана Опера» театрында Мария Мудряктің концертін тамашалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» театрында опера әншісі Мария Мудряктің «Сен үшін, менің Қазақстаным!» атты жеке концертін тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасы сайтына сілтеме жасап.

М.Мудряк «Болашақ» бағдарламасы бойынша Миланда Жоғары музыка академиясында білім алған. Кейін Дж.Верди атындағы Мемлекеттік консерваторияны сәтті тәмамдады. Көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты. Бүгінде М. Мудряк атағы әйгілі театрлардың сахналарында өнер көрсетіп келеді және көрермен сұранысына ие опера әншілерінің бірі.


Бүгінгі концерт ҚР Тұңғыш Президенті күні және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Мерекелік бағдарламаға, сондай-ақ баритон Владимир Стоянов (Болгария) және «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі қатысты. Дирижер – Альвизе Казеллати (Италия).

Концерт соңында Н.Назарбаев М.Мудрякпен әңгімелесті. Опера әншісі Елбасымен алдағы шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Атап айтсақ, М.Мудряк Қазақстанда тағы бірнеше концерт беруді жоспарлап отыр, сондай-ақ ЭКСПО Дүниежүзілік көрмесі аясында БАӘ-де өнер көрсетпек. ҚР Тұңғыш Президенті опера әншісінің жоғары кәсіби шеберлігін атап өтіп, оған шығармашылығына одан арғы табыс тіледі.



Соңғы жаңалықтар