Ел Үкіметі оңтүстік шекарадағы кеден бекеттерін жетілдіруге қомақты қаржы бөлді

None
None
СТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат - Үкімет тарапынан кедендік бекеттерді жабдықтау және жаңарту мақсатында қомақты қаржылар бөлініп отыр. 2010 және 2011 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, бұл қаражаттарға Қырғызстан және Өзбекстанмен шекаралас кедендік бекеттерді жабдықтау үшін жаңа құрал-жабдықтар сатып алынатын болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен, ағымдағы жылы Жамбыл облысы аумағында орналасқан бекеттерді жабдықтауға 1 миллиард 939 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға автокөлік құралдарын сканерлеуге арналған инспекциялық тексеру кешені, дәл осындай теміржол көліктерін сканерлеу кешені, тауарларды жеткізудің автоматтандырылған жүйесі, электронды өткізу пункті, СКАН-жолаушы және рентген аппараттары сатып алынатын болады.

Ал ОҚО аумағындағы бекеттерге 3 миллиард 968 миллион теңге бөлініп отыр. Бұл аймаққа да жоғарыда аталған арнайы құрал-жабықтар алынбақ.

Соңғы жаңалықтар