Эльмира Сыздықоваға Токио Олимпиадасында психологиялық көмек көрсетілді ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан еркін, грек-рим және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Гюзель Манюрова Токио Олимпиадасында күресші Эльмира Сыздықоваға психологиялық көмек көрсету туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине. Ол – өте тәжірибелі спортшы, ол Олимпиада ойындарына қалай дайындалу керектігін біледі. Психологиялық тұрғыда да қалай қабылдауды біледі. Бұл үшін командадағы психолог онымен бірге жұмыс істейді, психологиялық қолдау көрсететін жеке жаттықтырушысы барды, мен бармын. Кейде олар әзілдесіп, көңілін аулауға тырысады. Психологиялық тұрғыдан Эльмира – тұрақты спортшы», - деп жауап берді Г. Манюрова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұған дейін спикер Эльмира Сыздықованың жеңілуіне не кедергі болғанын айтқан еді. Бірнеше ай бұрын Алматыда өткен Азия чемпионатында қырғыз спортшысын жеңгенін еске салды.

«Сонда бәріміз қуанған едік. Бәлкім сол жеңіс әсерін тигізген шығар. Эльмира қырғыз спортшысын жете бағаламаған шығар. Кейде Олимпиада алдындағы жеңіліс жеңістен гөрі көбірек пайда әкеледі. Ол тактикалық тұрғыда өте жақсы дайындалды. Эльмира іс жүзінде оған ештеңе жасай алмады. Тамақтану, режим және салмақ бәрі орнында еді. Эльмира – күн тәртібін сақтайтын жинақы спортшы. Ол жауапкершілікті, сайыстың қандай маңызды екенін түсінеді. Ол жарысқа мақсатты түрде дайындалды, қолынан келгеннің бәрін жасады, бірақ жеңіске жетпеді. Одан кейін де қырғыз чемпионы Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы чемпионды да оңай жеңді. Эльмира да, ресейлік спортшы Наталья Воробьева да 68 келіден 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне ауысты. Менің ойымша, салмақтағы физиканың жетіспеушілігі де әсер етті. Физикалық тұрғыдан жетіспеушілік байқалды», - деді Гюзель Манюрова.

Айта кетейік, Эльмира Сыздықова Токиодағы алғашқы айналымда қырғызстандық Айпері Медетқызынан 8:1 есебімен жеңілді. Қырғызстандық Айпері Медетқызы финалға шыққан жағдайда Қазақстан спортшысы Эльмира Сыздықова жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.


Соңғы жаңалықтар