Ел аумағында уақытша әкелінген, салықты төлеуден босатылған көліктер көбейіп отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы кездері кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылған уақытша әкелінген көлік құралдарын Қазақстан аумағына алып келу жағдайлары жиілеп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМ мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Атап өтетін жағдай, көрсетілген автомашиналардың басым көпшілігі Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өткізу пункттері арқылы уақытша әкелінген. Олар өз мәртебесі бойынша шетелдік тауарлар (яғни ЕАЭО тауарлары болып табылмайды) және кедендік бақылауда болады.

ЕАЭО Кедендік кодексінің 264-бабының 6-тармағына және 275-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкелінген көлік құралдары декларанттың (әкелуді жүзеге асырған тұлға) іс жүзінде иелігінде және пайдалануында ЕАЭО кедендік аумағында болуға тиіс.

Алайда, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген көлік құралдары кеден баждар мен салықтарды төлеуден, кедендік тазартудан жалтарып мемлекеттік тіркеуге қойылып жатқан фактілер анықталуда.

Мысалы, шетел азаматтары жеке пайдалануына арналған шетелдік көліктерді әкелген соң, Қазақстан Республикасының аумағынан біршама уақыттан кейін кетіп қалып жатыр (бұлар негізінде Грузия мен Әзербайжан азаматтары).

Бұл көлік құралдары тиесілі кедендік баждар мен салықтарды төлеусіз Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуге қойып, Қазақстан азаматына беру мақсатында ЕАЭО аумағына әкелінгені туралы пайымдауға негіз болап отыр.

Қазіргі таңда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік баждар мен салықтарды төлеусіз Қазақстан Республикасының аумағына тіркеуге қойылған 156 көлік құралын анықтады.

Осыған байланысты ҚР ҚМ МКК Қазақстанның барлық азаматтарына уақытша әкелінген көлік құралдарын тек кедендік баждар мен салықтарды төлегеннен кейін ғана сатып алуға және Қазақстан аумағында аталған көлік құралдарын пайдалануға болатынын ескертеді.


Соңғы жаңалықтар