Экспортталатын өнім желісі кеңейтілді – министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров экспортталатын өнім желісі туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мал шаруашылығы өнімдерін өткізуге қосымша нарықтар ашу мүмкіндігіне тоқталған министр, «Қытай Халық Республикасымен өнімнің 20 түріне, Иранмен өнімнің 6 түрі бойынша, Парсы шығанағы елдерімен өнімнің 6 түрі бойынша ветеринариялық-санитариялық талаптар келісілді. Шетелдік кәсіпорындар тізіліміне барлығы 2 728 қазақстандық өндірушілер, оның ішінде 250 кәсіпорын үшінші елдер (ҚХР, БАӘ, ЕО, Өзбекстан, Жапония) тізіліміне және 2 478 кәсіпорын ЕАЭО тізіліміне енгізілді», - деді.

Оның сөзіне қарағанда, экспортталатын өнім желісі 480-нен 551 тауар топтарына дейін кеңейтілді және қазақстандық өнімді импорттаушы елдердің тізбесі 65-тен 72 мемлекетке дейін ұлғайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Премьер-Министр ветеринария мамандығына білім гранттарын көбейтуді тапсырды.



Соңғы жаңалықтар