ЭКСПО мұрасы жемісін берді - Абаев Астана Хаб пен АХҚО биржасы жайлы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев соңғы жеті күннің ішіндегі ел есінде қалған маңызды жаңалықтарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рұқсат етсеңіздер, ел ішінде шынымен мені қызықтырған бірнеше ақпаратты атайын. Біріншіден, Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасының алғашқы сауда-саттығын іске қосты. Біздің мемлекет үшін бұл алға жасалған аса үлкен қадам. Бұл ретте ЭКСПО мұрасы өзінің жемісін әлі де беріп жатқаны қуантады. Апта бұрын ғана біз бұл жерде «Астана хабының» ашылғанын айтып отырған едік. Ал енді көрменің инфрақұрылымы өзіндік биржамызды ашуға мүміндік беріп отыр», - деді Дәурен Абаев.

Министр екінші есте қалған маңызды жаңалық - Президенттің келесі жылды Жастар жылы етіп бекітуі екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда еліміздегі халықтың 30 пайызы жастар екенін білесіздер. Жастар - біздің экономикалық дамуымыздың басты қозғаушы күші. Президент қол қойған құжат - жастар саясатын алға жылжытуда үлкен серпін берері анық. Үшіншісі - латын әліпбиінде өткізілген жалпыхалықтың диктант. Елестете беріңіз, оған 2 миллионға жуық қазақстандық қатысты. Олардың арасында мәдениет және қоғам қайраткерлері, белсенділер, журналистер мен филологтар, студенттер, оқушылар болды. Менің ойымша, бұл диктант - тарихымыздағы ең ауқымды қазақстандық флешмоб болды. Бұл - тек имидждік акция ғана емес, жаңа әліпбиді енгізудегі жүйелі жұмыстардың бір бөлігі. Сонымен бірге латын әліпбиіндегі «Тіл қазына" атты жаңа газет ашылды. Бұның бәрі де - мемлекет пен қоғамның бірлескен жұмысының жемісі. Бұл жерде әлбетте, Мәдениет және спорт министрлігі атқарып отырған жұмысты ерекше атап өтуіміз керек», - деді Дәурен Абаев.

Соңғы жаңалықтар