Екпінді жел, бұрқасын: 22 қаңтар күнгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с, жекелеген аудандарда 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің күші 23-28 м/с, жекелеген аудандарда 30 м/с және одан жоғары күшеюі ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Желдің екпіні 25 м/с артады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің күші 25 м/с жетуі ықтимал.
Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Қызылорда, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Атырау облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ, Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.