Экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы өкілі кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері кәсіпкерден ақша бопсалаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ішкі тергеу департаменті кәсіпкерден 30 млн. теңге көлемінде ақша бопсалаған Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Ол кәсіпкерге өзін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкері екенін айтып, алдаған.

Жедел-тергеу іс-шарасы нәтижесінде алаяқ қылмыс үстінде ұсталып, өзінің жасаған заңсыз әрекетін мойындады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында, құқық бұзушы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің (бұдан әрі -ЭТҚ) бұрынғы қызметкері екендігі, 2017 жылы пара алғаны үшін сотталып қызметінен босатылғаны анықталды.

«Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда»,-делінген ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мниторингі комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар