+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Экономика өсімін қамтамасыз ету үшін билік қандай шараларды қолға алуы тиіс

2021 жылғы 12 мамыр 10:32
Бөлісіңіз:
Экономика өсімін қамтамасыз ету үшін билік қандай шараларды қолға алуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев орталық және жергілікті атқарушы органдар назар аударуы тиіс іс-шараларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жекешелендіру: Мемлекеттің экономикадағы үлесі 15 пайызға дейін қысқарды Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік бюджет кірістері бойынша есеп берді Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 3,7% азайды

«Орталық және жергілікті атқарушы органдарға мынадай іс-шараларға назар аудару ұсынылып отыр. 2021 жылға арналған экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі өзектендірілген кешенді жоспарды тиімді іске асыруы қажет. Экономиканың басым секторларында ірі компаниялармен инвестициялық келісімдерді іске асыруы тиіс. Ауыл шаруашылығы және құрылыс-монтаж жұмыстарының маусымын белсенді өткізуі керек», - деді министр.

Сонымен қатар ол «Жұмыспен қамту жол картасы» және «Еңбек» бағдарламалары аясында таргеттелген тұрақты жұмыс орындарын құру қажеттігін айтты.

«Жаңа «өсу факторларын» дамыту және өңірлердің экономикалық байланысын күшейту керек. Аталған іс-шараларды іске асыру экономикалық белсенділікті ынталандыруға және осы жылғы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Әсет Ерғалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT