Экологтар Зырян ауданына сары түсті қардың түсу себебін атады

None
None
 ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында өткен аптада жауған сары қардың сынама нәтижелері жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Шығыс Қазақстан экологиялық қауіпсіздік орталығы мамандарының айтуынша, қардың құрамынан өнеркәсіптік кәсіпорынның ықпалынан ауаны ластайтын заттар табылмаған.

ШҚО Экология департаментінің қызметкерлері өткен аптада Зырян ауданында сары қардың жауғаны туралы ақпараттан кейін, осы өңірге барып, қардың сынамасын алған. 

Анықталғандай, қардың ерекше түске боялуына солтүстік-батыстан соққан желдің ұсақ түйіршікті тау жыныстары - сазды балшықты өзімен бірге алып келуі себеп болған. 

«Әдетте, саз балшықтың құрамының басым бөлігін каолинит құрайды. Ал ерекше түске боялуына құрамындағы ион-хромофорлар әсер еткен», - деді ШҚО Экология департаменті зертхана басшысы Клара Рахымбаева.

Фото: yk-news.kz

 

 

Соңғы жаңалықтар