Экологияны ластағаны үшін төленетін айыппұлдар өңір проблемасын шешуге қашан жұмсалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ECOJER» қауымдастығының атқарушы директоры Қуаныш Балтабаев қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдерді нақты мақсаттарға жұмсау мерзімін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экологиялық кодекстегі жаңашылдықтардың тағы бірі – қоршаған ортаға эмиссия төлемдерін табиғатты қорғау іс-шараларына мақсатты түрде жұмсау. Бұл мәселе өте көп әрі белсенді түрде талқыланып, халықаралық сарапшылардың, бизнес пен халықтың тарапынан көп ескерту болды. Эмиссия үшін төлемдердің өңірлердің экологиялық проблемаларды шешуден басқа кез келген нәрсеге жұмсалатындығы айтылды», - деді Қуаныш Балтабаев «ECOJER» халықаралық конгресі барысында.

Оның атап өтуінше, жаңа кодексте бұл нормалар 2022 жылдан бастап күшіне енетіндігі көзделген.

«Бүгінде жергілікті бюджетке шоғырланатын барлық сома белгілі бір өңірдің экологиялық проблемаларын шешуге жұмсалатын болады. Егер ел шегінде алып қарайтын болсақ, бұл сома шамамен 80-90 млрд теңгеге жуықтайды. Бұл айтарлық қомақты сома және ол әрбір өңірдің экологиялық проблемасын біртіндеп шешуге мүмкіндік береді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар