Экология вице-министрі өзен алқаптарында құрылыс салмау керектігін ескертті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов елімізде өзен алқаптарында құрылыс салу проблемасын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меніңше, жергілікті атқарушы органдар өзен алқаптарында құрылыс салумен тығыз жұмыс істеуі қажет. Өкінішке қарай, ол жерлерде саяжайлар, тіпті тұрғын үйлер мен сауда алаңдары салынған», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Осы ретте вице-министр нақты мысалға Ақтөбе облысында орын алған жағдайды келтірді.

«Айталық, Ақтөбе облысында өзен арнасын тазалауды бастап едік, экологияны бүлдіріп жатыр деген шағымдар басталып кетті. Негізінде тұрғын үй де, саяжай да дұрыс жерге салынбаған. Сондықтан су басып келеді. Табиғатты алдай алмайсың. Өзен қай арнамен ақса, сол арнасын барлық уақытта да тауып алады. Сондықтан тұрғындарға өзендердің алқабында және құрылысқа тыйым салынған жерлерге үй салмау қажеттігін ескертемін. Сонда ешқандай мәселе де туындамайды және халықтың қауіпсіздігі де қамтамасыз етіледі», - деді Сергей Громов.


Соңғы жаңалықтар