Экология министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Арман Тұрлыбек ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметінен өз өтінішімен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Арман Алашұлы Тұрлыбек 1971 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, Алматы мемлекеттік энергетика және байланыс университетін тәмамдаған.

2000-2007 жылдары Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2007 - 2010 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімдігінде басшылық қызметтерді атқарды, ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі болды.

2010 - 2016 жылдар аралығында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2016 - 2019 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппаратында басшылық қызметтерді атқарды.

2019 жылдың шілде айынан қазірге дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар