+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Экология министрлігі Есіл өзенінде су түсінің өзгеруіне қатысты түсінік берді

2020 жылғы 3 тамыз 16:08
Бөлісіңіз:
Экология министрлігі Есіл өзенінде су түсінің өзгеруіне қатысты түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология министрлігі елорда тұрғындарын алаңдатқан Есіл өзеніндегі судың түсіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әрбір қазақстандық қоршаған ортаға деген жауапкершілігін сезінуі тиіс - Мәулен Әшімбаев Мәжіліс депутаттары: экологиялық мәдениет – елдің тұрақты дамуының алғышарты Сенаторлар «World clean up day» экологиялық қозғалысына қолдау білдірді

Айта кетейік, өзендегі судың жасыл түске боялған бөлігі әлеуметтік желіде жарияланған еді.

Министрлік мәліметінше, әлеуметтік желідегі жарияланым негізінде елорда бойынша Экология департаментінің мамандары 31 шілде күні Есіл өзені бойын қарап шықты. Осы орайда өзен жағалауы зерттеліп, Есілдегі судың сынамасы алынды.

«Есіл өзені суының жасыл түске боялуына табиғи құбылыс себеп болуы мүмкін. Су түсінің өзгеруіне фитопланктонның көбеюі әсер етеді. Бұл тұрғыда су қоймасында балдырдың тез көбеюі ықпал етуі мүмкін», - делінген Экология министрлігі хабарламасында.

Сонымен қатар, су түсінің өзгеруіне макробалдырлар да әсер етуі ықтимал.

Ведомство мәліметінше, аталған мәселені Экология департаменті ерекше бақылауға алды. Заңнамаға сәйкес, департамент Нұр-Сұлтан қаласы аумағында тұрақты мониторинг пен бақылау жүргізуде. Ал судан алынған сынаманың нәтижелері алдағы уақытта жарияланатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT