+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Экология министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

2021 жылғы 15 қазан 11:38
Бөлісіңіз:
Экология министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Талғат Амангелдіұлы Момышев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО сотына жаңа төраға тағайындалды Батыс Қазақстанның Теректі ауданына жаңа әкім келді Шығыс Қазақстанда жер қатынастары басқармасының басшысы ауысты

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист.

1994-1996 жж. — қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры.

1997-1998 жж. — Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары.

Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді. 1998-1999 жж. — Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.

1999-2000 жж. — Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы.

2000 ж. — «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» АҚ директорының бірінші орынбасары.

2000-2005 жж. — «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы.

2005-2010 жж. — Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.

2010-2014 жж. — Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2014-2016 жж. — Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 2016-2018 жж. — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2018-2019 жж. — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2019-2021 жж. — ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.

2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінің аппарат басшысы болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT