Экология министрi Түркістан облысының су шаруашылығы нысандарын тексерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология жəна табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздің оңтүстік өңірлеріне жұмыс сапары барысында Түркістан облысындағы су нысандары мен арналарды аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Түркістан облысындағы су нысандарының ахуалымен, арналарды тазалау жұмыстарымен таныстым. Суармалы жерлерді үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін өңірде ұзақтығы 108 шақырым арнаны механикалық тазалау жүргізіледі. Тазалау жұмыстары 74 пайызға орындалды», - деп жазды М.Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында .

Министрдің айтуынша, өңірдегі су басу салдарынан арналарды тазалау кейінге қалдырылды. Себебі бұл жұмысқа бұрын жұмылдырылған техника төтенше жағдай салдарын жоюға жіберілді.

«Осыған қарамастан белгіленген жұмыстарды мерзімінде аяқтауға тырысамыз», - деді ведомство басшысы.

Министр сондай-ақ, қазіргі уақытта бөгетті жөндеу жəне жер сілкінісіне төзімділігін арттыру үшін құрылыс-монтаж жұмысы жүргізіліп жатқан Шардара су қоймасына барды.

М.Мырзағалиевтің айтуынша, жобада 125 адам жұмыс істеуде. Оны келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар