+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Экология министрі қорық аумағынан уран өндіру жобасы туралы пікір білдірді

2021 жылғы 14 маусым 12:42
Бөлісіңіз:
Экология министрі қорық аумағынан уран өндіру жобасы туралы пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресрурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағының аумағында уран өндіру жобасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты Ертіс өзенінен 3,4 млн теңгенің бекіре балығын аулаған браконьер ұсталды Елордада 42 мың тоннадан астам қоқыс кәдеге жаратылды

«Бұл жерде әңгіме нақты қорық туралы емес. Жоба Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағының аумағында жоспарланған. Оны «ҚазАтомӨнеркәсіптің» бірлескен кәсіпорны қолға алып жатыр. Нақты кіммен бірлескен кәсіпорны екені есімде жоқ. Қытай болуы да мүмкін. Өйткені екі елдің бірлескен кәсіпорындары бар. Қазір нақты жоба жоқ. Ол жоба біздің экология департаментінің қарауына келіп түседі. Сол кезде бұл мәселені жеке қарауға болады деп ойлаймын», - деп қысқа қайырды министр.

Аталмыш кездесуде Мағзұм Мырзағалиев Көбейтұздың суы мен тұзы адам ағзасына қауіп төндіруі мүмкін деген болжам айтты.

«Көбейтұзда былтыр аудандық әкімдік кордон қойған. Одан әрі қарай көлікпен өтуге болмайды. Екіншіден, тағы қайталап айтам, көлге бару адамдардың денсаулығына қауіпсіз емес», - деді Экология, геология және табиғи ресрурстар министрі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT