Экология министрі балық өсіруді тежеп тұрған мәселені атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев балық өсірудегі кемшілікті атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің балық өсіру әлеуеті әлдеқайда жоғары. Сарапшылардың пікірі бойынша 600 мың тоннаға дейін балық өсіруге болады. Қазақстанда барлығы 40 мыңнан астам су айдыны (өзендер, көлдер) бар. Оның ішінде шамамен үш мыңы балық шаруашылығына арналған су айдындарының тізіміне енгізілген. Олардың 49 пайызы бизнестің қарамағында, ал 51 пайызы әлі бекітілмеген. Бұдан басқа, 300 су қоймасы бар. Олардың негізгі бағыты - өсімдік өсіруге қажетті сумен қамтамасыз ету. Алайда, осы су айдындарында балықтың әлеуеті баршылық болғанымен, әлі ашылмаған», - деді министр Үкімет отырысында.

Осы орайда ол әкімдіктерге балық өсіру әлеуетін ескере отырып, су айдындарын бизнестің қарамағына беру бойынша және балық өсіруге жаңа перспективалы су айдындарын анықтау үшін инвентаризация жұмыстарын жүргізуді сұрады.


Соңғы жаңалықтар