Экология министрі балық өнімін экспорттауға болатын нарықтарды атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандық балық өнімін экспорттауға болатын нарықтарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің жанымызда экспорт үшін айтарлықтай әлеуетті нарықтар бар. Атап айтқанда, Ресей мен Қытайда балық өнімдеріне сұраныс жоғары деңгейде. Бұл екі елдегі бізбен шекаралас аудандарының нарығы 3 млн тоннаға дейін жетеді», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, еліміздегі су ресурстарын ескере отырып, өсірілген балық көлемін 600 мың тоннаға дейін арттыру әлеуеті бар.

«Экспорт көлемін 10 есеге ұлғайтуға балық шаруашылығының әлеуеті жеткілікті екенін айта кету керек. Бұл, шамамен 100 мың жұмыс орнын құруға және халықтың табысын көбіне ауылдық жерлерде арттыруға ықпал ететін болады. Министрлік ішкі және сыртқы нарықты қазақстандық балық өнімімен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады», - деді Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар