Екінші дүниежүзілік соғыстағы әйелдер ерлігі онлайн-көрмеде көрсетілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жеңістің 75 жылдығына орай, Көкшетау қаласының тарихы мұражайы әлеуметтік желіде «Отан соғысы жылдарындағы әйелдер ерлігі» атты онлайн-көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онлайн-көрмеден ерлермен бірге жауға қарсы жанкештілікпен соғысқан және майдан даласына қару-жарақпен қатар, киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттарды жөнелтіп, Жеңіске үлес қосқан тылдағы қыз-келіншектердің ерлігі баяндалады.

«Соғыстың алғашқы күндерінен бастап мыңдаған қыздар өз еріктерімен қан майданға аттанды. Олардың қатарында көкшелік жерлестеріміз де ер азаматтармен иық тіресе минометтік, санитарлық, авиациялық полктерде, зениттік әскерлер мен байланыс бөлімшелерінде соғысқа қатысты. Тылдағы әйелдер майданға аттанған азаматтардың орнын басып, ауыр өнеркәсіп пен шаруашылықтың барлық салаларында жанкештілікпен еңбек етіп, майданды қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуде өз үлестерін қосты. Олар Көкшетауға Подольск қаласынан көшірілген 621-әскери құпия зауытта оқ-дәрілер мен соғысқа қажетті өзге де өнімдер шығарды, жауынгерлерге жылы киім-кешек тікті, эвакуациялық госпитальдарда жаралы жауынгерлерді емдеп, сапқа қосты, егістікте, шаруашылықта жан аямай еңбек етіп, майданды азық-түлікпен қамтамасыз етті. Сұрапыл соғыс пен еңбек майданында күн сайын қайсарлық пен табандылықтың үлгісін көрсеткен біздің нәзік жанды, қайсар мінезді жерлестеріміз! Олар - Ұлы Жеңіс Батырлары!», - делінген видеороликте.



Соңғы жаңалықтар