Екібастұзда жолаушылар вагоны жанып кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке қарсы күрес бөлімінің байланыс қызметіне Екібастұз қаласы, Астана көшесі 32Б мекен-жайында жолаушылар вагонының өртенгені туралы хабар келіп түсті»,-деп хабарлады Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«Екібастұз моторлы вагон депосы» ЖШС-нің ашық аумағында теміржолда металдан жасалған жолаушылар вагонының жанатын бөлшектерінің барлығы жанып кеткен. Жалын 73 шаршы метр аумақты шарпыды»,-делінген ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар