+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Екібастұзда теміржолшылар үш жыл бойы вагондарды тонап, 24 млн теңге шығын келтірген

2020 жылғы 3 маусым 22:02
Бөлісіңіз:
Екібастұзда теміржолшылар үш жыл бойы вагондарды тонап, 24 млн теңге шығын келтірген

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Көліктегі полиция қызметкерлері пойыздан 24 миллион теңгенің дүниесін ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауға қатынайтын жолаушы пойыздары уақытша тоқтатылды Құлсары стансасынан пойызға адам отырғызуға және түсіруге тыйым салынды Өскеменде маска киіп, қолына пышақ ұстаған 24 жастағы жігіт дүкен тонамақ болды

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Модум–Транс» компаниясы мен «Қазтеміртранс» АҚ павлодарлық филиалы директорының міндетін атқарушы шағымданып, вагондардан ірі көлемде ұрлық жасалғанын хабарлаған.

«Атап айтқанда, ұрылар 95 жүк вагоны мен 116 жартылай вагоннан тежегіш құралдарының бөліктерін, штурвалдарды, біліктерді қолды еткен», - дейді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Сарықұл Жоланов.

Оның айтуынша, ұрлықтың кесірінен 24 090 694 теңге шығын келген. Қылмыстық кодекстің 188-бабының бірнеше бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында көліктегі полиция қызметкерлері теміржол қызметкерлерін ұстады. Олардың бәрі де - Екібастұз қаласының тұрғындары», - дейді Жоланов.

Қылмысқа қатысты адамдар 2017 жылдан бері вагон тонап жүргенін мойындапты. Ұрланған темір-терсекті «болгаркамен» өңдеп, сырлап, тазартып, өткізіп жүрген.

«Павлодар облысының Екібастұз аудандық сотының үкімімен ұсталған адамдар кінәлі деп танылып, олар 2,6 жылдан 5,6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды», - дейді полиция полковнигі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT