Екібастұзда көлік қаққан 31 жастағы жігіт көз жұмды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Реттелмеген жаяу жүргіншілер жолынан өтпек болған 1989 жылы туған азаматты «ВАЗ» маркалы автокөлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алтыншы ақпан күні сағат 19:35-те Екібастұзда «ВАЗ-21113» маркалы автокөліктің 26 жастағы жүргізушісі Мәшһүр Жүсіп көшесінен бұрыла бергенде реттелмеген жаяу жүргіншілер жолынан өтпек болған 1989 жылы туған азаматты қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған дене жарақатынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды», -деп хабарлады Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі журналистерге.

«Сараптама тағайындалды, тексеру жүріп жатыр», - деп атап өтті полицияда.


Соңғы жаңалықтар