Екібастұзда инкассаторлық көлік жанып кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының Екібастұз қаласында «Халық банкіне» тиесілі инкассаторлық көлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Әуезов көшесінде отқа оранған көлікті сөндіруге алты өрт сөндіруші мен бір техника жұмылдырылған. Олар өртті сегіз минуттың ішінде ауыздықтады.
«Өрт сөндірушілер жеткен кезде машинаның жанында жүргізуші ғана тұрған, инкассаторлар да, ақша да болған жоқ. «Газель» ашық алаңда өртенген. Төрт шаршы метр аумақта көліктің салоны мен мотор бөлігі толығымен жанып кетті. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деді департаменттен.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына қозғалтқыш бөлігіндегі қысқа тұйықталу себеп болған.
Ведомстводан мәлім еткендей, инкассаторлық көлік «Халық банкі» АҚ-ға тиесілі.



Соңғы жаңалықтар