Екібастұзда газ баллоны жарылған соң полиция басқармасының бастығы қызметінен кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екібастұзда газ баллоны жарылған соң полиция басқармасының бастығы қызметінен кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Екібастұз қаласында газ баллондары жарылып, соның салдарынан екі адам қаза тапқан. Жергілікті тұрғындардің бірі осы іске байланысты тергеу жұмыстарының талапқа сай жүргізілмей жатқандығына шағымданған. Осыған байланысты министрдің тапсырмасы бойынша ІІМ қызметкерлер тобы осы істің мән-жайын анықтау үшін Павлодар облысына жіберілді.

Адам қазасы болған газ баллонының жарылуы ісіне қатысты жүргізілген қызметтік тексеріс кезінде Қылмыстық-процессуалдық кодекс талаптарының бұзылуы және тергеу мерзімдерін үзу туралы негізсіз шешім қабылданғаны анықталды.

«Қазіргі таңда заңбұзушылықтарға жол берген және осы қылмыстық істі дұрыс жүргізбеген тергеуші мен аға тергеуші және Екібастұз қаласының полиция басқармасының тергеу бөлімінің бастығы лауазымдарынан босатылды»,-делінген хабарламада.

Павлодар облысы ПД Тергеу басқармасының лауазымды тұлғалары және Департамент басшысының тергеу жұмыстарына жетекшілік ететін орынбасары қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Сонымет қатар, Екібастұз қаласы полиция басқармасының бастығы қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар