Екібастұз тұрғынынан қапшық толы есірткі табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұзда ірі көлемде есірткі алып жүрген әйел ұсталды. Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

- Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 38 жастағы әйел адам болған «Мазда Кронус» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында автомобильдің салонынан жолаушыға тиесілі қапшық табылды. Қапшықтың ішінде ерекше иісі бар зат салынған үш полиэтилен пакет анықталды. Сараптама нәтижесіне сәйкес, алынған зат салмағы 8 келіден аса марихуана болып шыққан, - дейді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Ұсталған тұрғын Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
2021 жылы жедел уәкілдер есірткінің заңсыз айналымы саласында 50 қылмысты анықтады. Оның 48-і есірткі құралдары мен психотропты заттарды өткізумен байланысты.


Соңғы жаңалықтар