Екібастұз қаласының әкімі лауазымына Ардақ Қаңтарбаев тағайындалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қала басшысы лауазымына ол Ержан Иманзайыповтың орнына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Екібастұздың жаңа әкімін қала активіне өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов таныстырды. Павлодар облысының әкімі Ержан Иманзайыповқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа басшының алдына бірінші кезектегі міндеттерді қойды.

«Екібастұз - Павлодар облысы үшін де, бүкіл ел үшін де маңызды қалалардың бірі. Жұртшылықпен бірге Екібастұзды дамытудың орта мерзімді бағдарламасын әзірлеу қажет. Мұнда өнеркәсіпті ғана емес, ауыл шаруашылығын да дамытуға мүмкіндік беретін үлкен әлеует бар. Еңбек ресурстары бойынша мәселелер бар, сондықтан кадрларды даярлайтын және қайта даярлаудан өткізетін өңіраралық оқу орталығының сапалы жұмысын ұйымдастыру қажет. Маңызды бағыт - инвестиция тарту. Павлодар мен астанаға жақындығы, сондай-ақ дамыған көлік инфрақұрылымы үлкен артықшылық болып табылады», - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.

Ардақ Қаңтарбаев 1968 жылы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, 2009 жылы Қазақ бас сәулет - құрылыс академиясын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2018 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1986 жылы «Екібастұз Энергожилпромстрой» тресінде ағаш ұстасы болып бастаған. 1988 жылы әскер қатарына шақырылды. 1989 жылы Алматы зауытында токарь оқушысы және токарь-жартылай автоматшы болып жұмыс істеді. 1994-1995 жылдары - ҚР ҰҒА Мемлекет және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері.

2002-2006 жылдары – «Алматы техникалық түгендеу бюросы» ЖШС директоры. 2006-2008 жылдар аралығында Алматы «СейсмоҚұрылысҚорғау» МКҚК басшысының міндетін атқарды және басшысы болды. 2008 жылдан 2009 жылға дейін «AlmaRealty.kz» ЖШС директоры болды.

2009 жылы Алматы қаласы әділет департаментінің инспекторы болды. 2012 жылға дейін жетекші маманның міндетін атқарушыдан осы ведомство басшысының орынбасарына дейінгі жолдан өтті. 2012-2016 жылдары Павлодар облысының әділет департаментін басқарды. 2016 жылдан 2019 жылға дейін Май ауданының әкімі қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар