Екі өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Осы күні Көкшетау қаласында тұман түседі.

3 желтоқсан Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ сақталады.

Соңғы жаңалықтар