Екі апта карантинде коронавирус жұқтыру қарқыны өскен жоқ – Бас санитар дәрігер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин шараларын сақтаудың аралық нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 шілдеде республика бойынша коронавирус инфекциясының 76 799 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 48 202 науқас немесе науқастардың 63 пайызы емделіп шықты. Сырқаттану тәулігіне 1600-1700 жағдай деңгейінде тұрақтанды. 5 шілдеде қатаң шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап екі аптада республикада коронавирустың 21 532 жағдайы тіркелді. Алдыңғы екі аптамен салыстырғанда сырқаттану бір деңгейде қалып отыр», - деді бас санитар дәрігер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, маусым айында сырқаттанудың апталық өсу қарқыны 1,3-тен 2 есеге дейін өскен.

«Қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бастап шілде айында сырқаттану деңгейінің өспегені байқалады», - деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.


Соңғы жаңалықтар