Екатеринбургте лаңкестік әрекетке дайындалған үш содырдың көзі жойылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екатеринбург қаласында контртеррористік операция барысында үш содырдың көзі жойылды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ұлттық антитеррорлық комитеттің (ҰАК) ақпарат агенттігі хабарлаған.

«Федералдық қауіпсіздік қызметкерлері Екатеринбург қаласында лаңкестік әрекеттерге дайындықтың жолын кесті. Қаланың Чкалов ауданында контртеррористік операция өткізілді. Оның барысында лаңкестік қызметке қатысы бар үш содыр өлтірілді»,-деп хабарлады комитеттен.

Сондай-ақ, арнайы операция кезінде қолдан жасалған жарылғыш құралдар, қару-жарақ және оқ-дәрілер табылған.


Соңғы жаңалықтар