eGov-тың 1414 байланыс орталығы жеке меншікке беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлттық ақпараттық теxнологиялар» АҚ бірқатар функцияларын бәсекелестік салаға беруді көздейді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Компанияның басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың айтуынша, жоспар бойынша биыл бірнеше қызмет жеке меншікке беріледі.

«Біз Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен, сондай-ақ, басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бірнеше функциядан бас тартып, оны жеке меншік салаға беруді көздейміз. Мәселен, теxникалық қызмет бар. Бүгінде жеке меншік нарықта компьютер, принтер және тағы басқа құрал-жабдықтарға теxникалық қызмет көрсететін компаниялар көп. Сондықтан осы функцияны беруге болады. Бұдан бөлек, 1414 бірыңғай байланыс орталығын да бәсекелестік ортаға беретін шығармыз. Себебі бүгінде байланыс орталықтары да баршылық. Олар осы фукцияны атқара алады», - деді Ә.Тұрысов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзіне қарағанда, осы саладағы жұмыс жалғаса береді. Мәселен, «бұлттық құжат айналымы» қызметін де бәсекелестік ортаға беру жоспарланған.

Айта кетейік, «Ұлттық ақпараттық теxнологиялар» АҚ жеке құжаттардың электронды қоймасын іске қосуды жоспарлап отыр. Ол Digi Locker деп аталады.

Соңғы жаңалықтар