+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

«ЕGov mobile» қосымшасында «вакцинация паспортының» нұсқасы жаңартылды

2021 жылғы 2 шілде 12:52
Бөлісіңіз:
«ЕGov mobile» қосымшасында «вакцинация паспортының» нұсқасы жаңартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ЕGov mobile» мобильдік қосымшасында коронавирусқа қарсы «вакцинация паспортының» жаңа нұсқасы ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтан әуежайында және вокзалында вакцинация пунктілері ашылды Қазақстанда вакцина алған қанша адам қайтыс болды 6 млн-нан астам қазақстандық вакцина алып, елде эпиджағдай жақсарды - Цой

«Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілуде, онда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп әзірлеген «eGov mobile» мобильдік қосымшасының «цифрлық құжаттар» сервисінде электрондық «вакцинация паспортының» жаңа нұсқасы ұсынылды», - делінген Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде.

Азаматтар вакциналаудың барлық кезеңінен өткеннен кейін 3 тілде қолжетімді электрондық құжат беріледі.

«Электрондық құжаттың жаңа нұсқасында туған күні, төлқұжат нөмірі, QR-код сияқты жаңа деректер қосылды. Құжат иесі сұрау салушы тарапқа QR-кодты ұсына алады. Бұл, құжаттың заңдылығын тексеруге көмектеседі. Кодты сканерлеу кезінде пациенттің вакцинациядан өткені туралы дербес деректердің таралуын қорғау мақсатында анықтамадағы деректер жасырылған (деректердің бір бөлігі ***белгіленген) пациенттің вакцинациясы туралы деректері бар бетке көшу жүзеге асырылады», - делінген ВАК хабарламасында.

Сондай-ақ қажет болған жағдайда азамат өзінің электрондық құжатымен телефондағы мессенджерлерде бөлісе алады.

«EGOV mobile мобильдік қосымшасының «цифрлық құжаттар» сервисінде орналастырылған вакциналаудың электрондық паспортын ұсынуға мүмкіндігі жоқ адамның вакцинациясын растау үшін медицина қызметкері медициналық ұйымның ақпараттық жүйесінен басып шығарған қағаз жеткізгіштегі анықтаманы ұсыну мүмкіндігі бар», - деді ВАК-тан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT